"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Иванов Василий Иванович

Просмотров: 1463

     «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағын алғандардың ішінде ерекше орны бар адам – Василий Иванович Иванов.

Василий Иванович 1933 жылдың көктемінде, Балқаш қаласына келген кездің өзінде-ақ өмірде жинаған көп тәжірибесі бар, білімді адам болатын. Ол келген бетте Балқашта жаңадан салынып жатқан, түсті металлургиялық комбинаттың құрылысының басшысы болып тағайындалады. Василий Ивановичпен қарым-қатынаста болып, оның ерекшелігін жіті таныған адамдар, оның комбинат құрылысына қосқан мол үлесін ұмытпай есте сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізе білді.

Василий Ивановичтің «Сталинград трактор зауытының адамдары» деген естелік кітабында, өзінің өмірбаяны туралы жазған очеркі бар. Онда ол: «Менің атам жалшы, әкем дәрігер болған. Әкем мені 10 жасымда әскери-теңіз мектебіне оқуға береді. Одан кейін флотта қызмет атқардым. Жиырма үш жасымда қосалқы қор есебіне шығып, темір жолда жұмысшы болдым. Кешкі политехникалық курста оқыдым. 1917 жылы партия қатарына өттім»- деп жазыпты.

Тарихи құжаттарға сүйенсек, В.Иванов Балтық теңізшісі болған.

Ал 1928 жылдың қыркүйегінен 1930 жылдың қазан айына дейін Сталинград трактор зауытының директоры болып қызмет атқарған.

БОАШ председателі Орджоникидзе бекіткен жоспар бойынша, зауыт 1930 жылдың қазан айында жұмысқа қосылуы керек болатын. Бірақ, Иванов партиялық ұйым басшыларының өтінішін еске ала отырып, зауытты жедел түрде, 1930 жылдың 17 маусымында - партияның XVI съезі басталған күні жұмысқа қосады. Осы күні зауыттың конвейерінен бірінші трактор да шықты.

Одан кейін оның өмірінде Балқаштағы жылдар басталады. 1930 жылы «Прибалхашстрой» құрылысына байырғы большевик, азаматтық соғысқа қатысқан, Волгадағы трактор зауытын құрастыруға ат салысқаны үшін, Ленин орденімен марапатталған,ауыр өндіріс саласында басқарушылық тәжірибесі мол В.Иванов тағайындалды. Ол болашақ қала мен комбинаттың ірге тасын қалауды алғаш болып бастағандардың бірі болып саналады. Ол кісі үлкен күш-жігердің иесі, қаталдықпен талап қоятын, дегенмен сол қаталдығын адамдарға деген қамқорлықпен, адамгершілікпен ұштастыра білетін адам болған.

Комбинаттың алғашқы құрылысы жүргізіліп жатқан 30-шы жылдардың, өзіндік уақыт таңбасы БКМК-ның қәзіргі жұмыс үдерісінде әлі де сақталып қалғандай. Бұл уақыт елесінде, сол кездердегі құрылыс басшысы болған Василий Иванович да, жеке тұлға ретінде қосқан – өз үлесі бар.

Сол кісінің еңбегінің арқасында біз қазір ғажайып құрылыс туындыларынан туған, сұлулығымен, жайлылығымен ерекшеленетін үйлерде тұрып жатырмыз. Себебі, «А» кварталындағы үйлердің құрылысын жобалауға ат салысқан адамдардың бірі осы – В. И. Иванов болатын.

В. Ивановты жақсы танитын, қаланың алғашқы құрлысшылары оны жұмысшылармен жақсы ізгі ниетті қарым-қатынас жасайтын, жоғары деңгейдегі талапкершілік қою арқылы, құрылыстағы еңбек тәртібі мен табысқа жету жолын жақсы меңгерген, білгір басшы ретінде еске алады.

1937 жылы, Балқаш қала статусын алатын жылы, В.Иванов кеңес үкіметіне қарсы әрекет етті, яғни троцкийшіл қауіпті ұйымның мүшесі болды деп тағылған жалған айыппен тұтқындалады. Кейіннен В.Ивановтың 1938 жылдың 25 ақпаны күні атылғандығы туралы дерек табылды. Қәзіргі уақытқа дейін оны ату жазасы қай жерде орындалғаны туралы толық мәліметтер жоқ. Дегенмен, алғашқы бесжылдықтың екі алып құрылысы – Сталинград трактор зауыты мен Балқаш көлінің жағасындағы Прибалхашстрой құрылысын салуға қатысқан ірі тұлғаның, елге белгісіз алыс жерде жазалануы мүмкін емес.

Ол 1956 жылдың маусым айында ақталды.

«Көшелер олардың атымен аталған...» Балқаш қалалық Еңбекшілер Депутаттары Кеңесі атқару комитетінің Балқаш қаласының көшелері атына өзгерістер кіргізу туралы отырысының №2 Хаттамасынан 21 қаңтар 1976 жылғы Иванов Василий Иванович мәңгі есте қалдыру мақсатында, жүзу бассейінен шығысқа, Құрылысшылар саябағын байлаған көшені Иванов В.И. көшесі деп аталсын...

1978 жылы сәуір айының 28 күні еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесінің шешімі бойынша В.И.Ивановқа «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі

1. Қонаев, Д. Ақиқаттан аттауға болмайды / Д.Қонаев.-– Алматы: Санат,1994.- 44-48 Б.

2. Әбдуақасұлы, Т. Есімде сол жылдар/Т.Әбдуақасұлы // Балқаш өңірі.–1996.–4 қыркүйек. – 3 б.

3. Сәденов, Қ. Ата қорғаны – ұрпағы /Қ.Сәденов // Балқаш өңірі.– 1996.– 9 қыркүйек.

4. Алғашқы қазақ инженері // Балқаш өңірі.–1996.–9 қазан

5. Мұстафин, С. Балқаш осылай салынды /С.Мұстафин // Балқаш өңірі.–1999.–17 маусым.

6. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 18-21 б.

7. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-201,204 б.


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика