"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Хафизов Ермек Батырқайырұлы

Просмотров: 1495

     Ермек Батырқайырұлы Хафизов қаламыздағы танымал азаматтардың бірі. Ол 1981 жылы Мәскеудегі құрыш қорыту институтын аяқтап, жолдамамен Балқаш қаласына келді. Еңбек жолын мыс қақтаушы жұмысынан бастап, зауыт директоры лауазымына дейін көтерілді.

Ол 26 жасында 1986-88 жылдары зауыт партия ұйымының хатшысы болып сайланды. 1988-90 жылдары Жезқазған облысының партия комитетінің мүшесі болды.1995 жылы Ермек Батырқайырұлы жасөспірім жеткіншектерді оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына қосқан үлесі үшін “Қазақстан Республикасының білім беру озаты” белгісімен марапатталды.Ол бос уақытында шет тілін оқып үйренді. Хафизов ағылшын, француз тілдерінде еркін сөйлейді. Жыл өткен сайын оның іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті анық көрінді. Қай учаскеде істесе де, өндірістік көрсеткіштері жоғары деңгейде болды. Бас инженердің орынбасары қызметінде жүріп зауыт өнімдерін шығару жолын озық технологиямен қамтамасыз етті. Ол вайербарс цехын қайта құруды ойдағыдай өткізді.

1996-97 жылы Е.Хафизовтың басқаруымен Австрия “Маг” фирмасының жабдықтары пайдаланылып, эмальсым шығаратын цех салынды.

Республикалық ұлттық банк ЖАҚ-ның тапсырысы бойынша теңгеге қажетті арнайы металл өндіру тендерін жеңіп алды. Е.Хафизов батыс бизнесмендерімен тәжірибе алмасып отырды. Неміс, француз, чех мамандарымен бірігіп үлкен жұмыс атқарды.

Е. Батырқайырұлының көп еңбек етуінің арқасында 1998 жылы түсті металл өңдеу зауыты “Эртсмейкер” атағына ие болды.

2000 жылы 19 қаңтарда Балқаш қалалық мәслихатының шешімі бойынша Е.Б.Хафизовке “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Оразымбетов, М. Планета келбетін анықтаған адам /М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 1999. – 25 май. - №34 

2. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 145-146 б.

3. Қабиева, Қ. 60 жыл – асқар белес /Қ.Қабиев // Сырлас. -2002. – 1 наурыз. - №9.

4. Айтжанұлы, Қ. Нарық талабы – бәсекеге жарамды өнім /Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2004. – 19 мамыр.

5. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,202 б.


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика