"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Городецкий Михаил Исаакович

Просмотров: 1271

Михаил Исаакович Городецкий Москва қаласының түсті металдар институтын бітірген соң ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып істеді. 1941 жылғы сәуір айында Балқаш мыс зауытының байыту фабрикасына ауысып, онда 40 жыл еңбек етті.

1954 жылы тәжірибе жүргізу цехын, одан кейін 1956 жылы өндірістік-техникалық бөлімді басқарды. Содан кейін бас инженердің орынбасары қызметін атқарды. 1956 жылдан 1981 жылға дейін осы қызметте істеп, зейнеткерлікке шықты.

Михаил Исаакович 17 металлургиялық ұсыныстардың авторы. Осы еңбектері үшін, М.Исааковичке “Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнертапқышы” атағын берді.

1961 жылы“Қоңыратта құйып-қорытылатын кенді жабдықтау технологиясын өркендету” тақырыбына ғылыми диссертация қорғады. Техниканы жетілдіргені үшін халық шаруашылығы көрмесінің медальдарымне марапатталды.

М.И.Городецкий халықаралық конгреске 3 рет қатысып, Лондонда Балқаш металлургиясын ғылыми жетілдіру жөнінде баяндама жасады. 4 жыл бойы СЭВ-ке семинарға қатысып, 2 жыл семинар басшысы болды. М.И.Городецкий қалдық кенді байыту технологиясы мен теориясына, комплексті пайдалануды көтеруге айтарлықтай үлес қосты. Осы еңбегі үшін ол “Еңбек Қызыл ту” орденімен және бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Мақтау грамоталарымен марапатталды.

Ол көптеген жылдар бойы ең белсенді лектор, қалалық “Білім” ұйымының төрағасы қызметін атқарды. Комбинат мамандары мен жұмыскерлері арасында білім таратуға көптеген еңбек сіңірді.

2000 жылы 19 қаңтарда М.И. Городецкийге Балқаш қаласының мәслихатының шешімі бойынша “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 137-138 б.

2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-202 б.

3. Алексеев, Г. Жұмысшы бастамасы – қайнар бұлақ  / Алексеев Г. Алматы: Қазақстан,1972. – 31 б.

4. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К»,2007. – 199-202 б.


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика