"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Архипов Александр Иванович

Просмотров: 1272

 

     1948 жылы 5 қаңтарда Рязань облысы Спасск ауданы Кучино селосында дүниеге келген.
     1962 жылы Ижевск орта мектебінің 8 сыныбын бітіреді де,  тамыз айынан бастап өзінің еңбек жолын Рязань облысы, Спасск ауданы, «Яльдино» совхозында бастайды.
     1964 жылы қыркүйек айында Балқаш қаласындағы №2 қалалық  кәсіптік - техникалық училищесіне  электрослесарь мамандығы бойынша оқуға түседі.
     Оқуды бітірген соң Александр Иванович Балқаш қаласының тау-кен металлургия комбинатының қосалқы станция мен желілер цехына жұмысқа  жіберіледі. 1966 жылдан бастап, оның еңбек жолы  комсомол ұйымдарындағы жұмыстармен басталды.
     А.И.Архипов 1966 жылы қыркүйек айында Балқаш қаласының комсомол комитетінің ұсынысы бойынша № 20 Балқаш қалалық кәсіптік –техникалық училищесінің комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды.
     1969 жылы наурыз айында Балқаш қалалық комсомол комитетіндегі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып істейді.
     1974 жылы тамыз айында А.И. Архипов Балқаш қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.
     1977 жылы қазан айында Қазақстан Компартиясының Балқаш қалалық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөліміне нұсқаушы болып бекітілді.  
     1978 жылы «Прибалхашстрой» тресінің партком хатшысының орынбасары болып тағайындалды. 1978 жылы Қазақ мемлекетттік университетінде «заңгер» мамандығы бойынша  жоғары білім алады.
     1983 жылдың  тамыз айында Балқаш қалалық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болып сайланды.
     1985 жылдан бастап Балқаш қалалық партия комитетінің  насихаттау және үгіт  бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
     1986 жылы шілде айында Жезқазған облыстық партия комитетінің шешімімен, Балқаш ішкі істер бөліміне саяси сұрақтар жөніндегі бастықтың орынбасары болып тағайындалды. 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап, Тоқырауын АІІБ басқарды.
     1995 жылғы желтоқсан айында еңбек өтіліне байланысты зейнетке шықты.
     А.И. Архипов өзінің еңбек жолында:
     "В.Л. Лениннің 100 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында ерен еңбегі үшін" мерейтойлық медалімен;
     1976 жылдың  10 наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Еңбек үздігі» медалімен;
     1989 жылы «Қазақстан Республикасы ІІМ үздік қызметі үшін» төс белгісімен;
     Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы полициясына 10 жыл және 15 жыл медалдарымен марапатталған.
     2013 жылы 14 тамызда А.И.Архиповқа  Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты қорынан

 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика