"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Әбуғалиев Нәби

Просмотров: 1604

 

     Қаланың  алғашқы құрылысшыларының бірі. Ол 1917 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауданының солтүстік-батысына қарай 60 км. жерде орналасқан, «Сары-Арқа» совхозында («Қызыл тас» елді мекені) дүниеге келген.
     Нәби Әбуғалиев 1931 жылы Балқаш қаласына келіп, қазір Балқаштықтар «Чечен – гора» деп атайтын, «Қызыл шоқыға» жұмысқа орналасады.
     1934 жылы Нәби Әбуғалиевты комсомол және жұмыс екпіндісі ретінде, Алматы қаласындағы құрылыс өндірісіне үнемдеп-жоспарлау бойынша қызметкерлер дайындайтын мектепке оқуға жібереді.
     2 жылдан соң, техникалық үнемдеп-жоспарлау жөніндегі қызметкерлерді дайындау мектебін бітіріп, Қазақстанның аймақтық комсомол комитетінің жолдамасы бойынша, Балқаш өңірінің құрылысына қайта жіберіліп, онда Балқаш мыс балқыту зауыты құрылысының ең маңызды учаскелерінің бірінде, қалыптаушы болып, одан кейін күрделі жөндеу құрылыс басқармасының техникалық үнемдеу жөніндегі тобының жетекшісі болып еңбек жасайды.
     Осы соғыс алдындағы қысыл-таяң кезде, ол жаңадан өсіп, өркендеп келе жатқан Балқаш қаласының жас құрылысшылары арасында, стахановшылар қозғалысын ұйымдастыру үшін көптеген жұмыстар жасайды. Ол құрылыс бригадаларының жоғары, екпінді деңгейде жұмыс істеулерін қамтамасыз етушілердің бірі болып, жұмысшы кадрларды орналастырып, өндірістің дұрыс жағдайда жұмыс істеуін ұйымдастыра білді.
     1941 жылы Нәби Әбуғалиев Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Ол жаяу әскерлерді дайындайтын училищеге түсіп, оны үздік бітіріп, соңынан бөлімшенің командирі болып тағайындалады. Жапониямен болған соғысқа да қатысады. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады.
     1944 жылдың мамыр айында Коммунистік партия қатарына қабылданады.
     1947 жылы әскери қызметтен оралған Нәби Әбуғалиев Қазақстан Коммунистік партиясының Балқаш қалалық комитетінің аппаратында нұсқаушы, одан кейін Қоңырат кенішінде партком хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
     1951-1952 жылдары «Прибалхашстрой» тресінің партком хатшысы болып істеді.
     1952-1954 жылдары Нәби Әбуғалиев трестің коммуналдық конторының бастығы, одан соң «Прибалхашстрой» тресінің басқарма басшысының орынбасары болып қызмет жасады.
     1955 жылдан бастап 1990 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанша, 35 жыл бойы трестің еңбек ақы және еңбекті мөлшерлеу бөлімін басқарды.
     Нәби Әбуғалиев өзінің еңбек жолын, қаланың қоғамдық жұмыстарымен ұштастыра білген, білгір азамат. 30 жыл қатарынан (1956-1986 жж.) трест басқармасының партиялық жұмыстарды ұйымдастыру бюросының хатшысы болып сайланды.
     Ол Балқаш ҚПК ҚК-нің мүшесі және қалалық кеңестің екі шақырылымының депутаты (1949, 1961 жж.) болып сайланды. Нәби Әбуғалиев көп жылғы, жемісті еңбегі үшін «Үздік еңбегі үшін», «В. И. Лениннің туғанына 100 толуына орай ерен еңбегі үшін» және төрт мерейтойлық соғыс медальдарымен, сонымен бірге «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Сонымен бірге, ол бірнеше рет ҚазССР Жоғары Кеңесінің, облыстық кәсіподақ Кеңесінің және басқада ұйымдардың Құрмет грамоталарымен марапатталған.
     1998 жылы 19 қарашада қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының тапсырмаларын шешуде, жеке өз үлесін қосқаны және қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін, «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Абугалиев, Ж. Балхаш и его люди./Ж.Абугалиев. - Алматы: Қағанат-ҚС,1999. – С.9,12.
2. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 106-107 б.
3. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,202 б.
4. Құрыштан құйған құдірет, Қарттарым, аман-саумысың! // Балқаш өңірі. -  2001. – 10 тамыз(№63).
5. Аралбайұлы, Т. Таулар алыстаған сайын биіктей береді /Т.Аралбайұлы // Балқаш өңірі. - 2010. – 12 қараша.
6. Кенежанов, Қ. Қала құрылысшыларының ауыл шаруашылығына көмегі /Қ.Кенежанов // Балқаш өңірі.–2011.–1 сәуір(№37-38).
7. Они строили этот город - Караганда: ТОО САНАТ-Полиграфия, 2013. – С.148-149.
8. Базар, Ә. Құрылысшыға құрмет / Ә.Базар // Балқаш өңірі. – 2022. – 23 қыркүйек (№70). – 5 б.

 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика